Covid-19: Германияда 20 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалды
Германияда коронавирусқа қатысты 20 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Германия судьяларының Федерал бірлестігінің басшысы Свен Ребен (Sven Rebehn) айтты, – деп хабарлайды DW.
Алматы, NEGE. Оның айтуынша, бұл ең алдымен мемлекеттен заңсыз қаржылай көмек алу бойынша. Жалған онлайн-дүкендер құру, коронавирусқа қарсы жалған дәрі-дәрмектер мен сапасыз маскалар сату туралы. Барлық осы іс бойынша сот өндірісі 2021 жылы жалғасады дейді Ребен.
Сондай-ақ, Германияда жаңажылдық мерекелер кезінде отшашуларды сатуға тыйым салынатыны белгілі болды.
Айта кетейік, бүгінде Германияда 928 мың адамнан коронавирус анықталды. 601 мың адам сауығып, 14 мың адам қайтыс болды.