COVID-19: Еліміздегі 229 науқастың жағдайы нашар
Өткен тәулікте елімізде 819 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Бұдан бөлек, COVID-19 белгілері бар пневмонияның 225 жағдайы тіркелген. Екі адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта осы дертке шалдыққан 14 000 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 560 науқас жатыр, 10 440 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.