COVID-19: елімізде 1,2 мыңнан астам медицина қызметкері төлем алды

COVID-19-бен күресуге тартылған 1 208 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырғандарға берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 10 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды. Бұл туралы ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі хабарлайды. Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (227) және Алматы қалаларынан (128), Алматы (99), Қарағанды (95) және Ақмола (94) облыстарынан жүргізілді.

Төлем көлемі: – коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге; – COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан,  вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда, олардың отбасына 10 млн теңге көлемінде төленеді. Бұған дейін Nur Otan партиясы медицина қызметкерлеріне тиісті төлемдердің берілуіне қатысты мәселелер туындағаны үшін денсаулық сақтау және еңбек вице-министрлерін жазалауды талап еткенін хабарлағанбыз. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты