COVID-19: ДДСҰ мен Қытай қайырымдылық бағдарламасын іске қосты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қытай билігі COVID-19-бен күресу үшін қаражат жинайтын қайырымдылық бағдарламасын іске қосты.
Алматы, NEGE. Қайырымдылық қоры Tencent Foundation, Alibaba Foundation, Alipay Foundation секілді 20 қытай интернет-платформасы арқылы жәрдем қаражатын жинайды. ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус CPWF қорының ДДСҰ-ның COVID-19 пандемиясымен жаһандық күресте көрсетіп жатқан қолдауын жоғары бағалады, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК. Сонымен қатар ол қор ДДСҰ-ның адамдардың өмірін құтқару жолындағы күш-жігеріне тікелей үлес қосып жатқан жекелеген компаниялар мен тұлғаларды көтермелейтінін атап өтті.