COVID-19: Дәрігер қазақстандықтарды Ресейдің қателігін қайталамауға үндеді

Белгілі ресейлік дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Леонид Рошаль пандемияға байланысты  қазақ халқына үндеу жолдады.

Алматы, NEGE. Өз сөзінде ол індетпен күрес кезінде Қазақстанды Ресейдің қателерін қайталамауға шақырды. Оның айтуынша, әлемді шарпыған вирусқа бір де бір мемлекет дайын болмай шыққан. Медицина ғылымдарының докторы Леонид Рошаль:"Үрей бой алдыру – ең басты қателік. Бірден дүкенге жүгіріп, барлығын сатып ала берудің керегі жоқ. Мұндай жайт Америка, Израиль, Франция сияқты мемлекеттерде де болды. Бітпейтін эпидемия жоқ. Бастысы, одан аман-есен жақсы нәтижемен шығу. Әрине мұндай жағдайда өлім болады. Дегенмен, қазақ – өте дана халық. Сондықтан сақтық шараларын сақтау керек", - деді. 

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды