Covid-19: Барлық өңірлер «жасыл» аймақта
21 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Алматы, NEGE. «Қызыл» және «сары» аймақтарда бір де бір өңір жоқ. Бүкіл қалалар мен облыстар «жасыл» аймақта тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.