Covid-19: Атырауда тоғыз күнде 900-ге жуық медицина қызметкері вакцина алды

Атырау облысында ақпанның 1-9 аралығында  873 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Алматы. NEGE. "9 күнде облыста 873 медицина қызметкері екпе алды. Оның ішінде 300-ге жуығы аудандық емханалардың қызметкері. Вакцина алған медицина қызметкерлерінің денсаулығы жақсы.

Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеді",- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев.

Айта кетейік,  бұған дейін облысқа коронавирус инфекциясына қарсы 1000 доза екпе әкелінгенін хабарлаған болатынбыз. Вакцина өңірдегі 24 екпе егу нүктесінде салынуда.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды