Covid-19: әлемдегі ахуал қандай?

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24». Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жер бетінде дімкәс жандардың қатары 5 млн 300 мыңға жуықтады.

Алматы, NEGE. 339 мың 415 адам осы дерттен көз жұмды. Ал 2 млн 151 мыңы  аурудан айығып шықты. Науқастардың саны бойынша АҚШ елі бірінші орында тұр. Құрама Штаттарында 1 млн 645 мыңнан астам адам індеттің ілмегіне ілінген.  Бразилиядағы жағдай да мәз емес. Статистикаға сәйкес, онда ауруға шалдыққандардың саны 331 мыңға жуықтап Ресейден асып түсті. Көрші Ресейден кейін алғашқы ондықта Испания, Ұлыбритания, Италия, Франция, Германия, Түркия мен Иран тұр.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды