COVID-19: әлемде антирекорд орнады 

Әлемде кейінгі бір тәулікте коронавирус жұқтыру дерегінің рекордтық өсімі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Небәрі 24 сағат ішінде дүниежүзі бойынша 212 мыңнан астам азамат қауіпті инфекцияға шалдыққан. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Аталған ұйымның дерегінше, ең үлкен өсім – АҚШ, Бразилия және Үндістан елдерінде. Айта кетейік, алдыңғы қайғылы рекорд осыдан бір апта бұрын ғана тіркелген еді. Сол кезде 198 мың адам індеттің ілмегіне ілінген болатын.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды