Covid-19: 78 адамның жағдайы өте ауыр

26 ақпандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 23 979 адам коронавирус инфекциясынан (–22 881+ және 1 098 КВИ-) емделіп жатыр.

 
Алматы, NEGE. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, емделіп жатқандардың ішінде 2 782 пациент стационарда, 21 197 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 183 адамның жағдайы ауыр,

• 78 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 70 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.