Covid-19: 40 жүкті әйел көз жұмды

Қазақстанда коронавирустан жүкті 40 әйел көз жұмды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлім етті.

Алматы, NEGE. Бапсасөз мәслихаты барысында вице-министрге коронавирустан балалар арасындағы өлім-жітім жайлы сұрақ қойылған болатын. Нақтырақ айтқанда тілшілер тарапынан КВИ-дан көз жұмғандардың зиратының ішінен кішкенбай баланың моласы болғаны айтылған еді. Ажар Ғиният коронавирустан балалар арасында өлім-жітім болмағанын айтты.

«Жаңа туған шақалақтың шетінеуі бойынша бізде статистика жоқ. Алайда коронавирус жұқтырғаннан кейін қайтыс болған жүкті әйелдерге қатысты мұндай статистика бар. Жүкті әйелдер арасында 40-қа тарта адам көз жұмды. Олар коронавирус жұқтырып, босанар кезде жан тапсырды», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Туризм министрлігі АҚШ-тан арнайы шақырған қонағын қарсы алуды ұмытып кеткен

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған