Covid-19: 26 пациенттің жағдайы өте ауыр

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия КВИ-ге шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды.

Алматы, NEGE. 13 наурыздағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 10 881 адам (9 825 КВИ және 1 056 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 988 пациент стационарда, 9 893 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ (коронавирус инфекциясы), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

- 89 адамның жағдайы ауыр,

- 26 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.