COVID-19 120 адамның өмірін жалмады

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 2 адам көз жұмды. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.

Алматы, NEGE. Екеуі де – Алматы қаласының тұрғыны. Бірі  – 1960 жылы, бірі – 1957 жылы туылған ер адамдар. 
Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия бұл өлім себептерін коронавирус инфекциясынан болды деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 120 адам қайтыс болды. 

Нұр-Сұлтан қаласы – 32
Алматы қаласы – 20
Шымкент қаласы – 13
Ақмола облысы – 8
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 10
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Түркістан облысы – 8

 

Қазір оқып жатыр

Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті

Қазақстанда күн күрт суытады

Футбол федерациясы «Ордабасы» – «Атырау» кездесуіндегі төрешілер қателігін мойындады

Қазақстандықтар ұзағырақ өмір сүре бастады – Денсаулық сақтау министрлігі