COVID-19: 115 науқастың жағдайы ауыр
Өткен тәулікте 10 адам коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға шалдыққан.
Алматы, NEGE. Өкінішке қарай 1 науқас қайтыс болды. Ал 17 адам жазылып шықты. Бұл туралы коронавиурс 2020 сайтында жарияланды. Жалпы 1 тамыздан бастап қазірге дейін 36931 адам коронавирус жұқтырған. Қайтыс болғандар саны – 395. 115 науқастың жағдайы ауыр, 16 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәл қазір 3 мың 88 адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр. Оның 248-і – бала.