Covıd-19: Бір күнде 11 адам қайтыс болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Алматы, MEGE. Оған сәйкес, 9 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 9 адам - коронавирустан, тағы 2 сырқат - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Қарағанды облысында - 3 науқас.

2, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қостанай, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.