2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Cоңғы тіркелген 10 науқастың бәрі де Ресейден келген

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған соңғы 10 науқастың бәрі де Ресейден келген.

Алматы, NEGE. БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, 10 адамның төртеуі – Түркістан облысының, төртеуі – Шымкент қаласының, біреуі – Алматы облысының тұрғыны. Тағы біреуі – Ресей Федерациясында оқитын, Орал қаласында тұратын 18 жастағы студент қыз. Олар Саратов облысымен шектесетін «Тасқала» автоөткелінен өткен кезде денсаулықтарына шағымы болмаған. Алгоритмге сәйкес жедел жәрдем шақырылып, карантиндік стационарға жатқызылды.

Зерттеу қорытындысымен барлығында COVID-19 диагнозы расталып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Індетке қарсы күрес жалғасуда. Осылайша БҚО-да ауырғандар саны 174-ке жетіп, соның 31-і сауығып шықты. Сырқаттанғандардың басым көпшілігі – Ресейден келгендер. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бірден 17 адамның жазылып шыққаны айтылды.