Cыбайлас жемқорлық  туралы хабарлаған 5 адамға сыйақы берілді

Атырауда сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған 5 адамға қаржылай сыйақы берілді.

Алматы, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша ақпарат бергені үшін немесе өзге де түрде көрсетілген жәрдем үшін қаржылық ынталандыру мөлшерін ұлғайтқан. Мәселен, агенттіктің Атырау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы бірінші тоқсанда жергілікті 5 азаматқа 700 мың теңгеден астам қаржылай сыйақы берілген.

Сондай-ақ, құқық қорғау органының 1 қызметкеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын ашуға көмектескені үшін алғыс жарияланған. «Бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықтың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталып отыр»6 -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?