Черногорияда «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәріні экстрадициялау мәселесіне қатысты сот өтеді

Черногорияда 5 маусым күні  «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Смаилованы экстрадициялау мәселесі бойынша сот өтеді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Дина Смаилованы экстрадициялау бойынша сот отырысы 5 маусымда Астана уақытымен түскі сағат 12:00-де өтеді», - деп хабарлады қазақстандық құқық қорғаушылар.

Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуірде Черногорияда Смаиловаға бұлтартпау шарасын таңдау бойынша сот отырысы өтті. Сол кезде ол бір түнге қамауға алынып, таңертең босатылды. Сот оны қамауға алудан бас тартты.

Дина Смаилованың адвокатының айтуынша, егер сот экстрадициялау туралы шешім шығарса, заң бойынша ол бұл шешімді апелляция беруге құқылы, одан кейін соңғы шешімді қабылдайтын Әділет министрлігіне жүгінуге болады.

Қазір оқып жатыр

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады