Черчесов футболдан Қазақстан құрамасына сәттілік тілеп, қазақша құттықтау жолдады

Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльс командасымен кездеспек Қазақстан футболшыларына сәттілік тілеп, Наурыз мейрамымен құттықтады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қазақстан құрамасына 2026-жылғы Әлем чемпионатындағы Уэльс пен Лихтенштейнға қарсылас іріктеу матчтарында сәттілік тілеймін! Өткен жылғы тәжірибелеріміз бен жаңа жаттықтырушылар штабының көзқарасы Қазақстан құрамасына алдағы ойындарда сәтті өнер көрсетуіне көмектеседі деп үміттенемін! Сонымен қатар, осы мүмкіндікті пайдаланып, қазақстандық футбол жанкүйерлерін Наурыз мейрамымен және көктемнің келуімен құттықтаймын! Барлықтарыңызға қуаныш пен өміріңізде жарқын оқиғалар тілеймін!», деп жазды Станислав Черчесов.

Уэльс-Қазақстан матчы Кардифте Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те 22-інен 23 наурызға қараған түні болады.

Қазір оқып жатыр

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды