Чемпиондар лигасы: Ширек финалға шыққан командалар анықталды

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалына шыққан командалар анықталды.

Алматы, NEGE. Соңғы екі жолдаманы Англияның «Челси» және Испанияның «Вильярреал» командалары жеңіп алды.

16 наурызда Италияның «Ювентусі» өз алаңында Испанияның «Вильярреалына» 0:3 есебімен жол берді. Бірінші ойында италиялық клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Ал франциялық «Лилль» өз алаңында Англияның «Челси» клубынан 1:2 есебімен жеңілді. Алғашқы кездесуде ағылшындар 2:0 есебімен басым түскен болатын.

Еске салсақ, бұдан бұрын қос ойынның нәтижесімен «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Манчестер Сити» (Англия), «Реал Мадрид» (Испания), «Бавария» (Германия) мен «Ливерпуль» (Англия) командалары 1/4 финалға жолдама алған болатын. Ширек финалдық жеребе тарту рәсімі 18 наурызда өткізіледі. Финал 28 мамырда Францияның «Стад де Франс» стадионында болады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды