Чемпиондар лигасы: Ширек финал ойындары басталды

Бүгін, 5 сәуірде футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалында екі ойын өткізіледі.

Алматы, NEGE. Ширек финал 5-6 сәуір күндеріне белгіленген. Ойындар елорда уақытымен 00.50-ге белгіленген.

Алдымен 5 сәуірде Португалияның «Бенфика» және Англияның «Ливерпуль» командалары кездеседі.

Ойын «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл күні Англияның «Манчестер Сити» және Испанияның «Атлетико Мадрид» командалары шеберлік байқасады. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Ал 16 наурызда өз алаңында «Челси» (Англия) пен «Реал Мадрид» (Испания), «Вильрреал» (Испания) және «Бавария» (Германия) жасыл алаңға шығады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды