Чемпиондар лигасы: Сырт алаңда «Қайрат» «Спортингке» есе жіберді
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы ойында «Қайрат» Португалияның «Спортинг» командасына есе жіберді, деп хабаралайды Kazinform.
Алматы, NEGE. Кездесу барысында жанкүйерлер «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаны ойынына назар аударды. Өйткені, олар негізгі қақпашы Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбековтің жарақат алып қалуына байланысты Португалияға аттанды. Ол бүгін алғашқы минуттан жасыл алаңға шықты. Отандасымыз осылайша UEFA Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашылар үздігіне енді. Ол дүниеге келгеніне 18 жас, 3 ай, 3 күн өткенде жасыл алаңға шығып отыр.
Бірінші кезеңде Шерхан өзіне сенімді ойын көрсетті. Бірінші кезеңде 21-минутта португалиялық клубтан Мортен Юльман тепкен допты кейін қайтарса, одан кейін де бірнеше соққыға тосқауыл қойды.
Ал 44-минутта «Спортинг» сапынан Франсиску Тринкан есеп ашты.
Екінші кезеңде қазақстандық команда жиі қателікке бой алдырды. Салдарынан небәрі төрт минутта қақпаға үш гол жіберіп алды. Алдымен Франсиску Тринкан 64-минутта тағы бір мәрте мергендік танытса, одан кейін Алиссон Сантос 66, Жеовани Кенда 68'-минутта қақпаны дәл көздеді.
Ойынның 86-минутында «Қайрат» сапынан Эдмилсон бір голмен жауап қайырды.
Осылайша қазақстандық команда қарсыласына 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
Енді алматылық клуб алдағы ойынын 30 қыркүйекте Алматыда Испанияның «Реал Мадрид» командасына қарсы өткізеді.
Сондай-ақ олар беделді турнирде «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен ойнайды.
Қазақстандық команда доп додасында барлығы 8 ойын өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында болса, 4-еуі сырт алаңға жоспарланған.