«Челси» футбол клубы сатылуы мүмкін

Роман Абрамович ағылшын Премьер-лигасында өнер көрсететін «Челси» футбол клубын сатуға дайын. Бұл туралы The Telegraph басылымы хабарлайды.

Алматы, NEGE. Клуб иесі Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске байланысты Ұлыбритания билігі енгізген санкциялардың кесірінен командадан бас тартуға мәжбүр.

Дереккөздердің мәліметі бойынша, ресейлік бизнесмен ағылшын клубын 4 миллиард фунт стерлингке (шамамен 5,3 млрд АҚШ доллары) бағалап отыр.

Бұған дейін Абрамовичке «Челсиді» сатуға қатысты үш мәрте ұсыныс түскені хабарланады. Алайда, мүдделі тараптардың клуб үшін 2 миллиард фунт стерлингтен артық төлегілері келмейтін көрінеді.

Айта кетейік, Роман Абрамович «Челсиді» 2003 жылы 140 миллион фунт стерлингке сатып алған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды