«Челси» Дастан Сәтпаевты негізгі команданың жиынына шақырды

«Қайрат» футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев 17 жастағы Дастан Сәтпаевтың «Челсидің» негізгі құрамына енуге мүмкіндігі бар деп санайды.

ҚФФ

Астана, NEGE. Боранбаевтың айтуынша, клуб Лондоннан ресми хат алған. Онда «Челсидің» негізгі командасы 29 маусымда Австралиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанатыны және Дастанның 26 маусымда Лондонға келгені дұрыс болатыны жазылған.

Бастапқыда қазақстандық футболшы «Челсиге» кәмелет жасына толғаннан кейін, яғни тамыз айында барады деп жоспарланған еді. Алайда ағылшын клубы оны команда жиынына ертерек шақырған.

Қайрат Боранбаев Дастанның «Челсидің» негізгі құрамында орнығуына мүмкіндігі жоғары екенін айтты.

«Реалмен» ойыннан кейін біз Алонсомен сөйлестік. Сол кезде ол: “Алматыға ұшар алдында біз Дастан Сәтпаевты өте мұқият зерттедік”, – деді. Алонсо Дастанды, оның мүмкіндігін және қалай ойнайтынын біледі. Олар тек бір футболшыны зерттеген, ол – Дастан Сәтпаев. Сондықтан Дастан бірінші командада орнығады деп үміттенеміз. Мен бұған сенемін», – деді Боранбаев Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында.

Дастан Сәтпаев – «Қайраттың» тәрбиеленушісі және Еуропаның топ-5 лигасына кіретін клубпен келісімге келген алғашқы қазақстандық футболшы.