12 марта 2020 г. 19:00

Челлендж жеңімпазы танымал музыкантпен бірге өнер көрсетеді

Фото:

Америкалық рэпер Эминем «Godzilla» трегімен рекорд орнатты. Әйгілі хип-хоп орындаушы 31 секундта 224 сөз оқып, өнерде жүрген әріптестеріне челлендж жариялады.

Алматы, NEGE. Музыкант бұл көрсеткішке қол жеткізбес бұрын 12 секудта 123 сөз оқып, топ жарған болатын. Таяуда ғана сахнаға қайта оралған Эминем, фанаттарын батлға шақырып, жылдамдыққа рэп оқудан флешмоб бастады.

Ал Отандық рэперлер Эминемнің #GodzillaChallenge бастамасын қолдап отыр.

Tanir, рэпер: мен минутына шамамен миллион сөз оқи аламын. Әрине бұл қалжың, бірақ егер жылдамдықты қоссаң бәрі де мүмкін. Сондықтан тырысып көруге болады.

Сахнада 10 жылдан астам өнер көрсетіп жүрген музыкант Танир, америкалық рэпердің жетістігін қайталауға тырысып жүр. Хироуға болса, әйгілі Эминемнің рекорды шалқар шабыт сыйлығандай. Ол жылдамдыққа сөз оқу өзін «рэпер» деп санайтын кез-келген музыканттың міндеті дейді.

Hiro, рэпер: шынымды айтсам, бұл мен үшін жаңашылдықтың көрсеткіші емес. Ондай дүние жасау менің де қолымнан келеді, бұл әрбір рэпердің мақсаты.

Жақында ғана музыка әлеміне бет бұрған Zheka Fatbelly, Эминемнің жанкүйері көрінеді. Алайда, желі жұлдызы атақты музыкантпен батлға шығуға жүрексінеді.

Zheka Fatbelly, блогер: егер Эминемнің өзі мені батлға шақырса, мен бас тартар едім. Қанша дегенмен, ондай дегейге жету үшін тер төгу керек.

Ал Эминем бастаған челлендждің жеңімпазы анықталса, алдағы уақытта өнер иесімен бірге жарысқа түседі.

Тегтер: