Челахтың өтініші Бас прокуратураға түсті

Владислав Челах өтініші Бас прокуратураға түсті. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Тимур Тәжімбаев айтты.

Алматы, NEGE. «Владислав Челах өтініші Бас прокуратураға келіп түсті. Қазіргі уақытта тиісті қызмет қылмыстық істі әскери соттан сұрады. Ол түскеннен кейін қосымша зерделейміз. Өйткені бұл іске 10 жыл уақыт өтті. Қажеттілік болса, онда ол тергеледі. Ал одан кейін не болары анықталады», - деді Тимур Тәжімбаев.