Челах пен Күлекбаев отырған түрме басшысы ұсталды

Қостанай облысында халық арасында "Қара бүркіт" деген атпен белгілі төтенше қауіпсіздік мекемесінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Кеше кешке Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінің басшысы Арман Әбілев ұсталды. Бұл мекеме халық арасында "Қара бүркіт" деген атпен белгілі, онда өмір бойына бас бостандығынан айырылған адамдар жазасын өтейді.

Әбілев колония басшысы болып өткен жылдың желтоқсанында тағайындалған болатын.

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері 700 мың теңге сомасындағы параның екінші бөлігін алғаны үшін ұсталды. Барлығы 1 миллион теңге пара алған. Ақша аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушыға қамқорлық жасалу үшін арналған.

Іс СДТБТ-да тіркелді, тергеу басталды.

Еске салайық, бұл мекемеде әріптестерін жаппай өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Владислав Челах жазасын өтеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты