Чехия Президенті Петр Павел Қасым-Жомарт Тоқаевты Прагаға шақырды

Ян Липавский кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдіріп, Чехия Президенті Петр Павелдің Қасым-Жомарт Тоқаевты Прагаға ресми сапармен келуге шақырғанын жеткізді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Чехия Сыртқы істер министрі қарқынды экономикалық байланыстар қазақ-чех ынтымақтастығының негізі саналатынына назар аударды. Ян Липавский өнеркәсіп, «жасыл» даму талаптарына көшу және энергетика салаларын бірлескен жұмыстың басым бағыттары ретінде атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ян Липавский өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Чехия Президенті Петр Павелге ізгі тілегін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті