ЧБД жүргізушісі Алексей Щербаков Сабуровтың артынан Алматыға ұшып келді
Белгілі ресейлік комик, «Что было дальше?» шоуының жүргізушісі Алексей Щербаковты Алматы әуежайынан күтіп алып жатқан видео тарады.
Алматы, NEGE. Қазақстандықтар Алексей Щербаковты Нұрлан Сабуровқа қолдау көрсету үшін келген болуы мүмкін деп топшылады. Айта кетейік, екеуі де «Что было дальше?» атты шоудың жүргізушілері. Ал Алексей Щербаковтың өзі әлі ешқандай пікір білдірген жоқ.
Щербаковтың Алматыға келу сәтін фильммейкер Дінислам Нұрлан жариялады. Оның айтуынша, ресейлік әзілкеш өзі түскен фильмнің премьерасына келген.
Еске салайық, ресейлік БАҚ Сабуровқа Ресей Федерациясының аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жайлы ақпарат таратты. Әзілкеш бұны Дубайдан Мәскеуге ұшып келген сәтінде Внуково әуежайында бірақ білген. Ол Қазақстанға оралуға мәжбүр болды.