«Чарли Чаплин» Құрылтай сайлауында дауыс берді
Ақсу қаласында Құрылтай сайлауында ерекше сайлаушы дауыс берді. Қала тұрғыны әйгілі ағылшын актері Чарли Чаплиннің бейнесінде сайлау учаскесіне келген.
Астана, NEGE. Ерекше сайлаушы №511 сайлау учаскесінде көзге түсті. Ол Чаплинге тән қара костюм мен цилиндр қалпақ киіп, қолына таяқ ұстаған. Учаскеге роликпен келген ол ішке кірер алдында ролигін шешіп, туфлиін киген.
Одан кейін сайлаушы бюллетень алып, дауыс беру бөлмесіне кіріп, толтырылған бюллетенін сайлау жәшігіне салды.
Айта кетейік, бүгін Павлодар облысында Құрылтай сайлауына арналған 522 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Өңірде жалпы саны 500 мыңға жуық сайлаушы бар.