Cessna-210 ұшағы апатқа ұшырады
Джорджия штатында (АҚШ) жұма күні шағын Cessna-210 ұшағы апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты.
Алматы, NEGE. Апат Де-Калб округінде болды. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ қону кезінде аударылып, өртеніп кеткен. Бортта болғандардың ешқайсысын құтқару мүмкін болмады.
Оқыс оқиғаның себептері белгісіз. Тергеушілер сенбі күні Де Кальбқа келуі керек.