«Central Asia Nobel Fest Live» атты Нобель онлайн-фестивалі өтеді  

Қазанның алғашқы төрт күнінде «Central Asia Nobel Fest Live» атты Қазақстандағы алғашқы онлайн Нобель фестивалі өтеді.

Алматы, NEGE. Оған әлемнің 30 елінен, 120 университеттен мыңдаған адам қатысады. Арасында Нобель сыйлығының иегерлері, ғалымдар мен студенттер болады. «Шексіз ғылым: әлем қайда бара жатыр?» Онлайн-фестивальдің басты тақырыбы осылай аталады. Мұнда адами капиталдың болашағы, әлемді өзгертіп жатқан технологиялар, медицина мен ғылымның жаңа қырлары және экономикалық ахуал талқыланады. Жиында Нобель сыйлығының лауреаттары және әлемдік деңгейдегі ғалымдар сөз алады.

 Инклюзивті даму қорының директоры Мақсат Курбенов: «Нобель фестивалін бір рет қана өткізумен ештеңені өзгерте алмаймыз. Мақсатымыз – бұл іс-шараны осы аймақта мүмкіндігінше жиі ұйымдастыру әрі әрбір адамға қолжетімді ету. Әлемдегі ең мықты ғалымдар Орталық Азия елдеріндегі ізденушілерге бір апта уақытын арнайды. Бұл үлкен мүмкіндік және тәжірибе» деді.

 Онлайн-фестивальге әлемнің 35 елінен, 120 университеттің өкілі қатысады. Қазірдің өзінде 3 мың адам тіркеуден өткен. Ғылыми жиынға елдегі іргелі оқу орындарының басшылары да қолдау білдіріп белсенді қатысып жатыр.  

   Ғылыми симпозиум төрт күнге созылады. Осы уақыт ішінде қатысушылар 30-дан астам пікірсайыстарды және 10 жеке әңгімелер мен сұхбаттарды тегін көре алады. Онлайн эфир бір уақытта үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?