БЖЗҚ 6 айда 82,2 млрд төлем жасады

2020 жылдың алғашқы алты айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 226 573 алушыға төлем жасады.

Алматы, NEGE. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 82,2 миллиард теңгеге 1 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 30,2 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 19,2 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 16,8 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 13,7 млрд теңге;

- жерлеуге берілетін төлемдер – 1,4 млрд теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 805 млн теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 535 теңгені құрап, ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы 506 980 теңге болды.