БЖЗҚ-да талап етілмеген зейнетақы жинағының жалпы сомасы 45 млрд теңгеге жеткен
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәліметінше, 1 мамырдағы жағдай бойынша талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 45 млрд теңге болған.
Астана, NEGE. Жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен 279 041 адам зейнетақы төлемін алмаған.
Оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған мәліметтерге сәйкес:
- 155 217 адамның қайтыс болғаны анықталды. Олардың зейнетақы жинақтарын мұрагерлері талап ете алады;
- 61 459 адам заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткенін ресімдеген;
- 62 365 адам жасына байланысты зейнетақысын ресімдеу үшін Мемлекеттік корпорацияға (тұрғылықты жері бойынша ХҚКО) әлі жүгінбеген.
Айта кетейік, биыл наурыз айынан бастап зейнеткерлік жасқа жеткен, БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен жинақтары бар, соның ішінде 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды алуға БЖЗҚ-ға өтініш білдірмеген азаматтарға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін өтінішсіз тағайындау тәртібі енгізілді.