«Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз!» петициясын қарау жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

Бүгін «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз!» петициясын қарау жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

gov.kz

Алматы, NEGE. Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдар өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ермұрат Бапи, Ринат Заитов, Абзал Құспан, Еділ Жаңбыршин, Қазыбек Иса, арыз иесі Бағила Балтабаева, қоғам қайраткерлері Айнұр Жүгінісова, Мақсұтбек Айтмағанбет, Жанар Секербаева, Гүлзада Сержан, сарапшылар Халида Әжіғұлова, Виктория Примак, БАҚ өкілдері және е-өтініш порталы арқылы жұмыс тобына енуге өтініш білдірген азаматтар кірді.

Отырыста петиция бастамашылары мен жұмыс тобы мүшелерінің ұстанымдары тыңдалды, сондай-ақ жұмыс жоспары мен жария тыңдаулардың өту тәртібі анықталды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді