Бюджетке көлеңкелі экономикаға қарсы күрес есебінен 1,28 трлн теңге түсті
Парламент Мәжілісінде Үкіметтің 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау кезінде Қаржы министрі Мәди Такиев кірістер бойынша жылдық жоспар 97,2%-ға орындалғанын, бюджетке 19,6 трлн теңге түскенін хабарлады.