Бұзақы оқ атқан

2 маусым күні Жезқазған қаласындағы үйлердің бірінің маңында белгісіз біреу бұзақылық әрекет жасап 33 жастағы Жезқазған қаласының тұрғынына қатысты белгісіз қарудан оқ атып, жәбірленуші оқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. «Бұзақылық фактісі бойынша ақпарат полицияға түсісімен күдіктіні ұстау және анықтау бойынша облыстың ішкі істер органдарына бағыттама берілді. “Тосқауыл” жоспары жарияланды.

Жүргізілген жұмыс барысында полиция қызметкерлерімен 33 жастағы күдіктінің басқаруындағы “ВМW” автокөлігі ұсталып, жүргізуші сөзге келіспеушілік барысында жәбірленушіге қатысты травматикалық қарумен оқ атқандығы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді»,- деді облыстық Полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин.

Сондай-ақ, Қарағанды қалалық ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері 26 мамыр күні сөзге келіспеушілік салдарынан 30 жастағы ер адамға оқ атқан 21 жастағы күдіктіні ұстады.
Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-тармағы (қару қолдану арқылы бұзақылық жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Тоқаев Нұрбекке жоғары білім сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

Ұлытау облысында оңалту орталығы аутизмі бар баланы қабылдаудан бас тартқан