БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ресейдің Украинаға қатысты қарарын қабылдаған жоқ

Құжатта Украинадағы әскери қимылдар жүріп жатқан аймақтардан бейбіт халықты эвакуациялау ұсынылған.

Алматы, NEGE. Бұл үшін Мәскеу мен Киев гуманитарлық дәліздер ашуға келісуі керек еді. Құжатты тек Ресей мен Қытай ғана қолдап дауыс берді. Кеңестің қалған 13 мүше елі қалыс қалды. АҚШ тарапының мәлімдеуінше, Украинда гуманитарлық дағдарыс тудырған Ресейдің өзі, сөйте тұра мұндай қарар ұсынуы арсыздық.

Василий Небензя, Ресей федерациясының БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

– Ең алдымен қарарды дайындауға атсалысып, қолдау білдірген елдерге алғысымды білдіремін. БҰҰ-ның қарарды дауысқа салуы Украинаға гуманитарлық көмек жеткізу мәселесін саясиландырудың кімге маңызды екенін көрсетіп берді. АҚШ пен бірқатар ел Ресей федерациясы ұсынған қарарға дауыс беруге қатыспайтынын мәлімдеді. Олай болса неге қалыс қалдыңыздар? Сіздер қалыс қалудың орнына қарсы дауыс бере алатын едіңіздер ғой. Біз сіздердің қалыс қалуларыңыздың негізгі себебін жақсы білеміз.

Линда Томас-Гринфилд, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

– Ресей Қауіпсіздік кеңесін тағы да өзінің қатыгез әрекеттерін жабу үшін қолданып отыр. Ресейдің халықаралық қауымдастыққа өзі жасаған ісін, яғни гуманитарлық дағдарысты шешуді сұраған қарар ұсынуы барып тұрған арсыздық. Сондықтан Құрама штаттар бұл құжатқа дауыс беруден қалыс қалады. Себебі Ресей гуманитарлық жағдайдың нашарлауына еш алаңдап отырған жоқ. Егер олар бұған шын жаны ашыса соғысты тоқтатар еді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді