БҰҰ: Украинадағы қақтығыстан 1119 бейбіт тұрғын қаза тапты

Украинада қарулы қақтығыс басталғалы 1 119 бейбіт тұрғын жан тапсырды.

Алматы, NEGE. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының ұсынған мәліметі. Оған сәйкес құрбандардың арасында 99-ы бала екен. Тағы 1 800-ге жуық адам жарақат алған. Десе де, Ұйымның адам құқығы жөніндегі Жоғарғы комиссары аймақтағы адам шығыны ресми статистикадан да көп болуы мүмкін деп топшылайды. Мәселен, атыс-шабыс үдеп тұрған аймақтармен хабар алмасу қиынға соғып тұр. Қазір, әсіресе, Мариуполь, Волноваха, Изюм мен тағы бірнеше өңірде жағдай қиындап барады. 

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін