БҰҰ: Украинада 4,8 млн бала үйінен безіп кетті

Әскери қақтығыс басталғалы Украинадағы балалардың шамамен үштен екісі үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған.

Алматы, NEGE. Бұл туралы БҰҰ-ның өкілдері мәлімдеді. Халықаралық ұйымның мәліметіне сәйкес, шиеленіске дейін елде 7 жарым миллион кәмелетке толмаған бала тіркелген екен. Қазір солардың 4 миллион 800 мыңы өз үйінде тұрмай, жан-жаққа бас сауғалап кеткен. Мамандар олардың біразы білім алу мүмкіндігінсіз қалғаны үшін алаңдап отыр. БҰҰ-ның өкілдері сондай-ақ әскери қақтығыс салдарынан қазір Украинада 1 жарым миллионнан аса баланың тойып тамақ ішпей жүргенін айтады.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін