БҰҰ: Украинада 351 бейбіт тұрғын көз жұмды

Украинада өткен аптадан бері 351 бейбіт тұрғын көз жұмды. 707-сі жарақат алды.

Алматы, NEGE. БҰҰ-ның есебі осындай. Дегенмен, мамандар көрсеткіш бұдан әлдеқайда артық болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені кейбір өңірлерден мәлімет кешігіп жетеді. БҰҰ-ның дерегі бойынша, Украинада бір миллион 200 мың адам жан-жаққа босып кеткен. Көбін көршілес Польша қабылдаған.

Сарапшылар алдағы күндері Украинадан қоныс аударғандар саны 4 миллионға дейін жетеді деп болжайды. Себебі көп адам кескілескен ұрыс жүріп жатқан аймақтан шығып кетуге асық. Бірақ жерде тысқа шығудың өзі мұң болып тұр.  

Қазір оқып жатыр

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін