БҰҰ: Украинада 249 бейбіт тұрғын көз жұмды

Украинада әскери операция басталған бір апта ішінде 249 бейбіт тұрғын көз жұмып, 553-і жарақат алды.

Алматы, NEGE. БҰҰ осындай дерек келтіріп отыр. Марқұмдардың 17-сі бала. Халықаралық бірлестік өкілдері бұл сан шынайы көрсеткіштерден әлдеқайда төмен болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені біраз дерек әлі расталмады дейді.

Айта кеткен жөн, БҰҰ-ның есептеуінше, әскери іс-қимылдар басталғалы Украинадан жан-жаққа бас сауғалаған босқындар саны бір миллионнан асып кеткен. Олар негізінен Венгрия, Молдова, Польша, Румыния мен Словакия сияқты көрші елдерге ағылған.       

Қазір оқып жатыр

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін