БҰҰ Ресейдің Украинадағы әрекетіне қатысты резолюция қабылдады
Біріккен Ұлттары Ұйымының Бас Ассамблеясы арнайы сессия аясында Ресейдің Украинадағы әскери операциясын айыптайтын резолюция қабылдады.
Алматы, NEGE. Оны 141 ел қолдап, 5 мемлекет қарсы дауыс берген. 35 ел қалыс қалған. Авторы АҚШ пен Украина саналатын резолюцияда Ресейден Украинадағы әскери іс-қимылды тез арада тоқтату талап етеді. Айта кетейік, Бас Ассамблея резолюцияларының заңды күші жоқ.