БҰҰ Наурыз мейрамын атап өтті

БҰҰ-ның Бас Хатшысы Антониу Гутерриш пен өзге де елдер дипломаттарының қатысуымен Халықаралық Наурыз күні атап өтілді.

Алматы, NEGE. Кездесу барысында 2010 жылы Бас Ассамблеяның шешімімен 21 наурызды халықаралық мереке ретінде атап өту туралы шешімнің қабылдағандығы айтылды. Байырғы заманнан келе жатқан көктемгі жаңару мерекесін бүгінде әлемнің 12 мемлекеті тойлап келеді. Ұйымның бас хатшысы Гутерриш мырза халқымыздың төл мерекесі әлем елдеріне жаңа үміт сыйлайтынын мәлімдеді. Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов болса, наурыз мейрамы қазақ халқы үшін қашан да қастерлі болғандығын тілге тиек етті.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті