БҰҰ Израильге Газаны бомбалауды дереу тоқтатуды талап етті

Израиль Газа секторына шабуылды дереу тоқтатсын! Біріккен Ұлттар Ұйымы тағы да осындай талап қойды.

Бұл туралы «Хабар 24» ақпарат таратты.

Алматы, NEGE. Бұл жолғы үндеуді жолдаған Ұйымның Бас хатшысының орынбасары Мартин Гриффитстің айтуынша, анклавтағы жағдай адам төзгісіз. Гуманитарлық ахуал күннен күнге нашарлап барады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Израиль кепілге алынған азаматтарын босатып алу үшін Газа секторындағы атысты күніне 4 сағатқа уақытша тоқтатуға келісім берген еді.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті