БҰҰ Газадағы жағдай бойынша ресми мәлімдеме жасады

Израиль мен Палестина арасындағы қарулы қақтығыс әлі жалғасуда.

Алматы, NEGE. Газаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша еврей әскерінің әуе шабуылдарынан қаза тапқандар саны 212 адамға жетті. Құрбандар арасында 61 бала мен 36 әйел бар. Тағы 1400-ден астамы жарақат алған. Ал ХАМАС атқылаған зымырандардан 10 израильдік ажал құшқан. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Газадағы жағдай бойынша ресми мәлімдеме жасады.

Дюжаррик, БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі: "38 мыңнан астам палестиналық бас сауғалап, Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығындағы 48 мектепке орналастырылды. 2,5 мыңнан астам адамның үйі қирап, мүлде баспанасыз қалды. 41 білім беру орны, 2 балабақша, Біріккен Ұлттар Ұйымының палестиналық босқындарға көмек беру агенттігінің кәсіптік орталығы мен жоғары білім беру мекемесі қирады. Газаға электр жарығын беру күніне 8 сағаттан 6 сағатқа қысқарды. Денсаулық сақтау, су беру жүйелеріне, кәріз құбырларына зақым келді" деді.

ХАМАС ұйымы да Израиль аумағына қарай қақтығыс басталғалы 3400-ге жуық зымыран атқылаған. Оның 500-і еврей әскерінің «Темір күмбез» әуе шабуылына қарсы жүйесін бұзып өткен. Ресми Тель-Авив зымырандарын атқылауды жалғастыра беретінін мәлімдеді. Сондай-ақ Түркия президенті де Израиль билігі мен Ақ үй басшысын қатаң айыптады.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: "Байден мырза, сіз «Армян геноциді» деп армяндарды жақтап едіңіз. Енді өкінішке қарай, жүздеген мың адамды құрбанға айналдырған Газа шабуыл жасалып жатқан кезеңде қанды қолыңызбен тарих беттерін жазып жатырсыз", - деді. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті