БҰҰ COVID-19 бойынша күресте Солтүстік Кореяға көмектесуге әзір

БҰҰ Бас хатшысы өкілдігінің орынбасары Фархан Хак халықаралық ұйым Солтүстік Кореяға осы елде коронавирустың өршуіне байланысты көмектесуге дайын екенін айтты.

Алматы, NEGE.Ол БҰҰ Жаңалықтар қызметінің сұрағына осылай деп жауап берді.

"Біз КХДР-да коронавирустың өршуін алаңдаушылықпен сырттай бақылап отырмыз. Біз індет туралы әлі ресми ақпарат алған жоқпыз, бірақ КХДР өкілдерімен осы мәселе бойынша байланыс ұстап отырмыз. Гуманитарлық серіктестерімізбен бірге біз КХДР-ға коронавирус жағдайында және басқа да мәселелер бойынша көмектесуге дайынбыз", - деді.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін