БҰҰ Бас хатшысы мұсылман қауымын Рамазан айының басталуымен құттықтады

БҰҰ-ның Бас хатшысы барша мұсылманды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, әлем елдерін бірлікке үндеді.

Алматы, NEGE.  Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысының айтуынша, бұл кезең көп ойлануға, біліп-тануға мүмкіндік береді.

   – Әлем елдері тізе қосып, бір-біріне түсіністік пен жанашырлық танытатын уақыт. Адамдар арасындағы диалогты бекемдеу, бірлік пен бейбітшілікке үндеу – Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясы. Менің сөзім қиын-қыстау кезеңде қақтығыстардан көз ашпай келе жатқан елдерге, үйлерін тастап басқа жаққа кетуге мәжбүр болған қалың жұртқа арналады. Мұсылмандардың мерекесі – Рамазан айы баршаға береке әкелсін, әлем елдерін бейбітшілікке, өзара құрмет пен ынтымаққа шақырамын, – деді Гуттериш. 

Қазір оқып жатыр

ВТБ Қазақстандағы еншілес банкінен 45,19 млрд теңге дивиденд алады

Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерді босату операциясы басталғанын мәлімдеді

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды