БҰҰ: алты күнде 835 мың адам Украинадан кеткен

Соңғы 6 күнде Украинадан 835 мың адам кеткен. Бұл туралы Біріккен Ұлттары ұйымы мәлім етті.

Алматы, NEGE. Қазір босқындар үшін негізгі бағыт Польша болып тұр. Әл-Жазира телеарнасы украиналықтардың жартысынан астамы дәл осы елден пана іздейтінін мәлімдеді. Польша премьер-министрі Еурокеңес басшысымен бірге шекара маңындағы Корчова елді мекеніне барып, босқындармен жүздесті. Кездесу барысында Еуроодақ өкілі атыс-шабыстан қашқан азаматтарға адамгершілік таныту еуропалықтардың борышы екенін жеткізді.   

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді