БҰҰ: Әлемде босқындар көбейді

БҰҰ әлемдегі босқындар саны артып, 80 миллионға тақағанын хабарлады. Бұл дүние жүзінде тұратын халықтың бір пайызы.

Алматы, NEGE. 2010 жылы босқындар саны 41 миллион болатын. Соңғы 10 жылда дүние кезіп жүрген адамдардың саны екі есе өскен. Бұл әлемнің түрлі аймақтарында ұзақ уақытқа жалғасқан жанжалдарға байланысты болып отыр. Коронавирус пандемиясы бұл елдердегі жағдайды ушықтырып жіберді. Босқындардың үштен екісі – Сирия, Венесуэла, Ауғанстан, Мьянма және Оңтүстік Судан мемлекеттерінің азаматтары. Босып жүргендердің 73 пайызы Еуропаны емес, көрші елдерді паналап жүр.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды